Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қазақстанның ту ұстаушылары көк байрағымызды алып шықты (фото)

Опубликовано:

Бейжің Олимпиада қысқы
Фото: Ақорда

Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова қысқы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өтіп жатыр. Айта кетейік, 2008 жылғы жазғы Олимпиада да аталған аренада басталған еді.

Екатерина Айдова бұған дейін 2010 жылғы Ванкувер, 2014 жылғы Сочи, 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадаларына қатысқан. Бейжіңдегі қысқы ойындар ол бақ сынайтын төртінші ірі дода болмақ. Айдова - конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы, Әлем кубогы кезеңінің жүлдегері.

Бейжің
Фото: Ақорда

Абзал Әжіғалиевтің есебінде шорт-тректен Әлем кубогы кезеңдерінің медальдары, қысқы Универсиада-2017 және Азия ойындарының жүлделері бар.

Әжіғалиев – 2014 және 2018 жылғы Олимпиадалардың қатысушысы. Ол қысқы ойындардың ашылуында екінші рет көк байрақты көтеріп шықты. Спортшы 2018 жылы Пхенчханда да Қазақстанның туын ұстаған еді.

Бейжің 2022
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954680-beizin-olimpiadasy-qazaqstannyn-tu-ustausylary-kok-bairagymyzdy-alyp-syqty-foto/

pixel