Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты деп хабарлайды Ақорда.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қатар Аргентина, Мысыр, Қырғызстан, Польша, Ресей, Сингапур, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эквадор президенттері, Қатар Әмірі, Босния және Герцеговина, Грекия, Моңғолия және Пәкістан премьер-министрлері, Камбоджа Королі, Сауд Арабиясының тақ мұрагері, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Монаконың ханзадасы, Люксембургтың Ұлы герцогы, Таиландтың ханшайымы, БҰҰ Бас хатшысы, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, Шанхай ынтымақтық ұйымының Бас хатшысы және басқа да бірқатар шетелдік ресми тұлға қатысты.

Бейжің-2022 Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Олимпиадаға қатысушы мемлекеттер спортшыларының салтанатты шеруінде Қазақстанның Мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті.

Бейжің Олимпиада қысқы
Фото: Ақорда

Қазақстанның ұлттық құрама командасына Қасым-Жомарт Тоқаев қол бұлғап, қолдау көрсетті.

Бейжің-2022 Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қысқы Олимпиадада 87 жолдама ұтып алған ұлттық құрама сапындағы 34 спортшы жүлдеге таласады.

Олар шаңғы, фристайл, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, биатлон, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорттың сегіз түрі бойынша сайысқа түседі.

Бейжің 2022
Фото: Ақорда

16 күнге созылатын Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954683-toqaev-xxiv-qysqy-olimpiada-oiyndarynyn-asylu-saltanatyna-qatysty/

pixel