Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа елдің спортшылары суретке түсті": Әжіғалиев ашылу салтанатынан қандай әсер алғанын айтты

Опубликовано:

Ту ұстаушылар
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Төрткүл дүние тағатсыздана күткен Бейжің Олимпиадасының алауы тұтанды. Ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шықты. Олардың образы әлем жұртшылығын таңдай қақтырды. Бұл туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Абзал Әжіғалиевтен шағын сұқбат алып, ауқымды шарадан қандай әсер алғанын сұрады.

"Бұл ерекше күн болды. Барлық әлем, барша халық саған көз тігіп отырғанда өз еліңнің туын көтеріп шығу – үлкен абырой. Трибунада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бар екенін білген соң, жауапкершілік арта түсті. Бізге қолдау көрсеткені үшін президентке үлкен алғыс айтамын. Спортшылар үшін бұл аса маңызды.

Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын. Ортаға шыққанға дейін қобалжу басым болды, бірақ командаластарымыз қолдау көрсетіп, әзілдесіп, осы сәттің куәсі болғанымызға қуандық.

Атмосфера керемет. Өйткені, Олимпиада ойындары әрбір спортшы үшін үлкен мереке әрі арман! Өзге елдің спортшылары бізбен жиі суретке түсті. Олардың барлығы біздің формамыз бен костюмімізге ерекше назар аударды. Бұл да сенімділік сыйлады. Бірақ ең бастысы әлі алда. Бізде жарыс ертең-ақ басталады. Бізбен бірге болыңыздар, бізге сеніңіздер. Алға, Қазақстан!", - деді Абзал Әжіғалиев. 

Еске сала кетейік, Қазақстан командасының ту ұстаушылары Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының образында шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954701-basqa-eldin-sportsylary-suretke-tusti-azigaliev-asylu-saltanatynan-qandai-aser-alganyn-aitty/

pixel