Бейжің-2022: Қазақстандық екі спортшы келесі кезеңге жолдама алды (фото)
Опубликовано:

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының спортшылары Бейжің Олимпиадасының бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қысқы ойындарда шаңғымен тұғырдан секіруден ел намысын екі спортшы қорғап жатыр. Олар: Сергей Ткаченко және Данил Васильев.
Екеуіде бірінші іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жарыс ережесі бойынша, өнер көрсеткен 53 спортшының арасынан үздік нәтиже тіркеген 50-i келесі айналымға жолдама алады.
Данил Васильев 46,2, Сергей Ткаченко 43,1 ұпай жинады. Бұл көрсеткіштер жарысты жалғастыруға жеткілікті болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1954722-beizin-2022-qazaqstandyq-eki-sportsy-finalga-zoldama-aldy/