Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық шаңғышы қыздар Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Olympic.kz

Бейжің Олимпидасында әйелдер арасында скиатлоннан финалдық кезең өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 шақырымда бақ сынаған отандастарымыз Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева үздік жиырмалықтың қатарынан көрінбеді.

Бұл қашықтықта норвегиялық Тереза Йохауг жеңімпаз атанса, екінші орынды ресейлік Наталья Непряева алды. Ал қола жүлдені австриялық атлет Тереза Штадлобер қанағат тұтты.

Спортшылардың көрсеткіштері:

1. Тереза Йохауг (Норвегия) — 44:13.7

2. Наталья Непряева (Ресей) — +30.2

3. Тереза Штадлобер (Австрия) — +30.5

...

48. Ксения Шалыгина (Қазақстан) — +6:24.0

49. Ангелина Шурыга (Қазақстан) — +6:41.6

51. Валерия Тюленева (Қазақстан) — +7:17.1

58. Надежда Степашкина (Қазақстан) — +9.21:6.

Айта кетейік, бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының спортшылары Бейжің Олимпиадасының бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954731-qazaqstandyq-sangysy-qyzdar-beizin-olimpiadasynda-zuldesiz-qaldy/

pixel