Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Қазақстан көшбасшысы финалға шықты

Опубликовано:

Спортшы
Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшы екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Финалға өту үшін Дмитрий Рейхердке алғашқы ондықта ілінуі керек болатын. Ол 75.43 нәтижесін көрсетіп, нәтижесінде жетінші орынға тұрақтады.

Осылайша, фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Бейжің Олимпиадасының финалына өтіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Ал аталған спорт түрінен бақ сынаған тағы бір отандасымыз Павел Колмаков ақтық мәреге өте алған жоқ.

20 спортшы қатысатын финалдық ойын бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Айта кетейік, бірінші іріктеу айналымында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа енген жоқ. Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алса, Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орынды қанағат тұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954742-fristail-moguldan-qazaqstan-komandasynyn-kosbassysy-olimpiadanyn-finalyna-syqty/

pixel