Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Дмитрий Рейхерд Олимпиада жүлдесінен қағылды

Опубликовано:

Фристайл
Фото: Olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының супер финалына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол екінші финалда 76,77 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш үздік алтылық өнер көрсететін ақтық мәреге шығуға жетпей қалды.

Осылайша, Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасындағы жарыс жолын сегізінші орынмен аяқтады.

Одан бөлек, ерлер арасында фристайл могулдан тағы бір отандасымыз өнер көрсеткен еді. Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінен өтпей қалды.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта ел намысын Надежда Морозованың қорғағанын жазған едік. Ол 4:04.970 нәтижесін тіркеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954751-fristail-moguldan-dmitrii-reixerd-olimpiada-zuldesinen-tys-qaldy/

pixel