Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Тұғырдан секіру
Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасында спорттың үш түрінен ел намысын қорғайды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі атлеттеріміз өнер көрсететін жарыс кестесін ұсынады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де шаңғышыларымыз жарыс жолына шығады. Скиатлоннан ел намысын Величко Евгений, Величко Евгений қорғамақ.

Ал ел үміт артып отырған Юлия Галышева 16:00-де фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңге қатысады. Ол алғашқы күндері белгілі себеппен өнер көрсетпеген еді.

Юлия Галышевадан бөлек аталған спорт түрінен Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Олеся Граур бақ сынайды.

Шаңғымен тұғырдан секіруден бұған дейін Сергей Ткаченко, Данил Васильев келесі айналымға жолдама алған болатын. Бүгін 17:00-де отандастарымыз финалдық кезеңге өту үшін барын салады.

Айта кетейік, қазақстандықтар Бейжің Олимпиадасын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна арналарынан тікелей эфирде көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954780-beizin-2022-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel