Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жеңісі үшін қанша гонорар алды

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images/Mike Roach/Contributor

Бүгін UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов осы жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды. Бұл туралы "Вестник ММА" Telegram-каналында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Вестник ММА-ның" мәліметінше, бразиялық Карлстон Харристі тізе бүктірген қазақстандық спортшы бұл кездесу үшін 94 мың доллар (шамамен 40,6 млн теңге) алған.

Оның 20 мың доллары Рахмоновқа осы жекпе-жек үшін, тағы 20 мың доллары жеңісі үшін, 50 мың доллар "Турнирде үздік өнер көрсеткені үшін" бонус ретінде төленген.

Ал қалған 4 мың доллар жекпе-жек алдында бір апта бұрын ынталандыру ретінде төленген үстемеақы.

Жалпы, бұл турнирде ең жоғары гонорар америкалық файтер Джулиан Эросқа төленген. Ол Стивен Петерсонмен өткен жекпе-жек үшін 175 мың доллар табыс тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1954796-bonus-retinde-50-myn-dollar-savkat-raxmonov-ufc-degi-usinsi-zenisi-usin-qansa-gonorar-aldy/

pixel