Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы үш дүркін Олимпиада чемпионын артта қалдырды

Опубликовано:

Шаңғы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпидасында скиатлоннан ерлер арасында өткен жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 шақырымда бақ сынаған отандастарымыз Виталий Пухкало мен Евгений Величко үздік жиырмалықтың қатарынан көрінбеді.

Виталий Пухкало мәре сызығын 32-болып кессе, Евгений Величко қатысушылардан бір айналым артта қалғаны үшін жарысты ерте аяқтады.

Бұл қашықтықта ресейлік Александр Большунов жеңімпаз атанса, екінші орын оның отандасы Денис Спицовке бұйырды. Қола жүлдені финляндиялық Ийво Нисканен қанағат тұтты.

Ал үш дүркін Олимпиада чемпионы, алты мәрте әлем чемпионы атанған ноовегиялық атақты шаңғышы Йоханнес Клэбо 40 орынға табан тіреді.

Спортшылардың көрсеткіштері:

1. Александр Большунов (Ресей) – 1:16:09.8

2. Денис Спицов (Ресей) +1:11.0

3. Ийво Нисканен (Финляндия) +2:00

...

32. Виталий Пухкало (Қазақстан) +7:35.3

Евгений Величко (Қазақстан) - LAP

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954799-beizin-2022-qazaqstandyq-sangysy-us-durkin-olimpiada-cempionyn-artta-qaldyrdy/

pixel