Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада күнделігі: Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымызың нәтижесі қандай (фото)

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасында спорттың үш түрінен ел намысын қорғады. Ең үздік нәтиже он бірінші орын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін ең бірінші болып жарыс жолына шаңғышыларымыз шықты. Скиатлоннан ел намысын қорғаған Виталий Пухкало, Евгений Величко үздік жиырмалықтың қатарынан көрінген жоқ.

Виталий Пухкало мәре сызығын 32-болып кессе, Евгений Величко қатысушылардан бір айналым артта қалғаны үшін жарысты ерте аяқтады.

Шаңғымен тұғырдан бақ сынаған Сергей Ткаченко мен Данил Васильевтің де бүгін жолы болмады.

Олар финалға жолдама алған 30 спортшының қатарына іліне алған жоқ.  Данил Васильев 46, Сергей Ткаченко 41-орын алды.

Сонымен қатар, ел үміт артқан Юлия Галышева өнер көрсетті. Отандасымыз супер финалға мүмкіндік сыйлайтын айналымда сәтсіздікке ұшырады. Нәтижесінде Қазақстан командасының көшбасшысы Бейжің Олимпиадасын 11-орынмен аяқтады.

Юлия Галышевадан бөлек, фристайл-могулдан әйелдер арасында ел намысын Анастасия Городко, Аяулым Әміренова мен Олеся Граур қорғаған. Алайда олар екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алған жоқ.

Могул
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шаңғы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954827-beizin-olimpiadasy-bugin-zarys-zolyna-syqqan-sportsylarymyzyn-natizesi-qandai-foto/

pixel