Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Галышева Бейжің Олимпиадасының финалындағы сәтсіздіктен кейін алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Бейжің
Юлия Галышева. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының финалындағы сәтсіздіктен кейін алғаш рет қысқы ойындардағы нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің ең алғашқы Олимпиадам 2010 жылы басталды. Бүгін көзді ашып жұмғанша 2022 жылға келіп қалған екенбіз. 2010 жылы Канадада - 11-орын, 2014 жылы Ресейде - 7-орын. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда - 3-орын, 2022 жылы Қытайда - 11-орынға ие болдым. Осы жолды менімен бірге өткен жандарға көп рахмет! Мен қуана қайталағым келетін ұмытылмас сәттер өте көп", - деп жазды отандасымыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының бірінші іріктеуіне белгілі бір себептермен қатыспаған еді.

6 ақпанда отандасымыз екінші іріктеуде тоғызыншы орынға ие болып, үздік жиырмалық бақ сынайтын финалға өтті.

Бірінші финалда Қазақстан командасының көшбасшысы 74,97 ұпайға ие болды. Бұл нәтиже үздік он екі могулшы өнер көрсететін екінші финалға жолдама сыйлады.

Бұл кезеңнен жетінші орынмен шыққан Юлия Галышева екіншісінде сәтсіздеу өнер көрсетті. Нәтижесінде 49.74 ұпаймен үздік алтылық бақ сынайтын супер финалға шыққан жоқ.

Осылайша, Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері Бейжіңдегі жарыс жолын 11-орынмен аяқтады.

Юлия Галышевадан бөлек, Бейдің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасында ел намысын Анастасия Городко, Аяулым Әміренова мен Олеся Граур қорғады. Алайда олар екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954860-beizin-olimpiadasynyn-finalynda-satsizdikke-usyragan-galyseva-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel