Бейжің-2022: Канадалық хоккейшілер Ресеймен маскасыз ойнаудан бас тартты
Опубликовано:

Ресей мен Канада әйелдер құрамасы арасындағы матч Бейжіңде біршама уақытқа кейін шегерілді, деп хабарлайды Eurosport.ru.
Қос құрама арасындағы кездесу жергілікті уақытпен 12:10-да басталу керек болған. Алайда канадалықтар жаттығу жасағандарына қарамастан мұз айдынына шығудан бас тартты.
Кейінірек олардың неліктен бұндай қадамға барғаны белгілі болды.
"Хоккейден Канаданың әйелдер құрамасы ресейліктер тапсырған ПТР-тесттің жауабын күткен", - делінген басылымда.
Осылайша, матч біршама уақыт кешіктіріліп басталды. Қос құраманың хоккейшілері де медициналық маскамен ойнады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1954908-beizin-2022-kanadalyq-xokkeisiler-reseimen-maskasyz-oinaudan-bas-tartty/