"Машина": Ресейліктер Харристі нокаутқа жіберген Шавкат Рахмоновқа тәнті болды
Опубликовано:

Ресейлік HARDCORE MMA #1 Youtube каналы Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 200 турнирінде бразилиялық Карлстон Харристі мерзімімінен бұрын жеңген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.
"Шавкат Рахмоновтың мансабындағы 15-жеңісі, ол 15 жекпе-жегінің бәрінде мерзімінен бұрын жеңген. Енді ол UFC-де қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Рахмонов - машина!
Ол жеңген жігіттердің барлығы өте мықты спортшылар екенін айтпай кете алмаймын: бразилиялық "Ковбой", Мишел Празерис, Карлстон Харрис.
Рахмоновтың қарсыластарының қатарында әлсізі болған жоқ. Бұл жігітке жанкүйер болмау мүмкін емес. Алға, Қазақстан", - дейді канал авторы.
Айта кетсек, Карлстон Харристі бірінші раундта-ақ жеңген Шавкат Рахмонов аталған кездесу үшін 94 мың доллар (шамамен 40,6 млн теңге) гонорар алғанын жазған едік
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1954996-masina-reseilikter-xarristi-nokautqa-zibergen-savkat-raxmonovqa-tanti-boldy/