Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің финалындағы сәтсіздіктен кейін Юлия Галышева мансабын аяқтай ма

Опубликовано:

Юлия
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғаш жарыс күнінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында могулшы Юлия Галышева көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасын он бірінші орынмен аяқтады. Отандасымыздың супер финалға жолдама берілетін айналымда сәтсіздікке ұшырап, жарыс жолынан шығып қалғаны белгілі.

Осыдан кейін фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырып, көпті ойландырып қойған еді.

Брифингте журналистің бірі "желідегі жазбаңыз арқылы нені меңзедіңіз? Спорттық мансабыңызды аяқтау жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде Юлия Галышева әзірге үлкен спорттан кетпейтінін ашып айтты.

"Мансабымды аяқтаймын дегенім жоқ. Жанкүйерлеріме осы күнге дейін менімен болғандары үшін алғысымды білдірдім. Эмоцияға берілдім. Неге сол сәтте көңіл күйімнің болмағаны түсінікті ғой.
Дайындалған деңгейде өнер көрсетуді соңына дейін жеткізе алмадым. Бір нәрсе кедергі болды деп те айта алмаймын. Мұнда ешкімнің кінәсі жоқ. Тек өзім кінәлімін", - деп ағынан жарылды ол.

Юлия Галышевадан бөлек, Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасында ел намысын Анастасия Городко, Аяулым Әміренова мен Олеся Граур қорғады. Алайда олар екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955018-beizin-finalyndagy-satsizdikten-keiin-yuliya-galyseva-mansabyn-ayaqtai-ma/

pixel