Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұраймыз": Бас бапкер могулшылардың сәтсіздігіне байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина Бейжің Олимпиадасын қорытындылап, шәкірттерінің өнеріне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елена Круглыхина Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында Бейжің Олимпиадасына құрама дайын келгенін жеткізді.

"Жалпы құрама Олимпиадаға дайын болды. Медаль алуға ниеттендік. Алайда жағдай осылай болды. Нәтиже көңілімізден шыққан жоқ. Сол себепті жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз", - деді бас бапкер.

Елена Круглыхина енді осыдан қорытынды жасап, тиісті шаралар қабылдау керектігін баса айтты.

"Өмір осымен аяқталмайды. Спорт та тоқтамайды. Осы жағдайдан шешім шығарып, сабақ алған жөн. Әрі қарай дайындықты жалғастыру керек", - деді ол.

Сонымен қатар, бас бапкер Олимпиадаға дайындалу кезінде қиыншылықтар кездескенін жасырған жоқ.

"Жазда карантин шараларының салдарынан дайындық жасау қиындық тудырды. Күзде де сырғанайтын қар іздедік. Барлық спортшылар іс жүзінде жыл бойы қарда дайындалады. Қазақстан құрамасы бәрінен де аз жаттығады, бірақ соған қарамастан өте жақсы нәтиже көрсетуде. Оған рухымызбен, күшімізбен, бірлігімізбен жетеміз. Командамыздың ауызбіршілігі мол. Біз тоқтап қалмаймыз, берілмейміз. Одан әрі жұмыс істейтін боламыз", - деді Елена Круглыхина.

Ол сөз арасында қысқы ойындардың екінші іріктеу кезеңінде жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен Анастасия Городко туралы пікір білдірді. Айта кетейік, Анастасия бар болғаны 16 жаста.

"Анастасия Городко – Олимпиада ойындарының ең жас қатысушысы. Сондықтан бәрі алда. Ол енді Италиядағы жарыстарға дайындалады. Сонда ең жақсы нәтиже көрсететін болады", - деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан жарыстар аяқталды. Қазақстан намысын ерлер арасында Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков қорғады.

Павел екінші іріктеу кезеңінен өте алған жоқ. Ал Дмитрий ақтық мәреге бір табан қалып, сегізінші орынға ие болды.

Әйелдер арасында аспан асты елінде Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова, Олеся Граур бақтарын сынады. Олардың арасынан тек Галышева ғана финалдық кезеңге өткенімен, отандасымыз үздіктердің қатарынан көрінген жоқ. Қазақстан командасының көшбасшысы Бейжің Олимпиадасын он бірінші орынмен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955022-kesirim-suraimyz-bas-bapker-mogulsylardyn-satsizdigine-bailanysty-malimdeme-zasady/

pixel