Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 8 ақпанда қазақстандық атлеттер спорттың үш түрі бойынша жарыс жолына шығады. Олардың өнері тікелей эфирден көрсетілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де шаңғышы қыздарымыз жарыс жолына шықпақ. Бұл спорт түрінен ел намысын Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова, Надежда Степашкинаның қорғайтыны белгілі.

Шаңғышылардың бәсекесін Хабар арнасынан көруге болады.

14:20-да Qazaqstan арнасынан биатлоннан трансляция басталады. Аталған спорт түрінен жекелей сында отандастарымыз Александр Мухин мен Владислав Киреев бақтарын сынап көрмек.

14:50-де еркін стильдегі шаңғышылар жарысы басталады. Ерлер арасындағы спринтте Қазақстан спортшылары Виталий Пухкало, Евгений Величко бақ сынайды. Тікелей эфирде Хабар арнасы ұйымдастырмақ.

16.40-та Бейжің Олимпиадасында конькиден Қазақстан ерлер құрамасының өкілі жарыс жолына шығады. 1500 метр қашықтықта сынға түсетін Дмитрий Морозовтың сайысын Qazsport телеарнасы көрсетеді деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955085-beizin-olimpiadasy-8-aqpanda-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel