Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық биатлоншылар қатысқан жарыс сенсациямен аяқталды

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында 20 шақырымдық қашықтықта ерлер арасындағы биатлон жарысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Француз спортшысы Квентин Фийон Майле сенсация жасап, бәсекенің жеңімпазы атанды.

Күміс медальға Беларусь өкілі Антон Смольский ие болса, үшінші орынды норвегиялық Йоханнес Тиннес Бе қанағат тұтты.

Қазақстан намысын қорғаған Владислав Киреев пен Александр Мухин үздік жиырмалықтың қатарынан көрінген жоқ.

Ату кезінде бірде бір рет мүлт кетпеген Владислав Киреев 25, Александр Мухин 52-орынға тұрақтады.

Спортшылардың нәтижесі:

1. Кантен Фийон Майе (Франция) — 48:47.4 (0+1+1+0)

2. Антон Смольский (Беларусь) — +14.8 (0+0+0+0)

3. Йоханнес Тиннес Бё (Норвегия) — +31.1 (1+0+0+1)

...

25. Владислав Киреев (Казахстан) — +3:41.8 (0+0+0+0)

...

52. Александр Мухин (Казахстан) — +6:13.0 (1+1+0+2).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955182-qazaqstandyq-biatlonsylar-qatysqan-zarys-sensaciyamen-ayaqtaldy/

pixel