Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькиші екі рекорд тіркелген жарыста үздік жиырмалықтың қатарынан көрінді

Опубликовано:

Коньки
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында конькиден Қазақстан ерлер құрамасының өкілі жарыс жолына шықты. 1500 метр қашықтықта бағын сынаған отандасымыз жүлдегерлердің қатарынан көрінбеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дмитрий Морозов 1500 метрді 1:47.01 уақытта жүгіріп шығып, он сегізінші орынға тұрақтады.

Бұл қашықта Нидерланды спортшы Кьелд Нёйс жеңімпаз атанса, екінші орын оның отандасы Томас Кролға бұйырды. Сонымен қатар, олар 1500 метрде әлемдік рекордты жаңартты.

Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ким Минсёк қорытындылады.

Айта кетейік, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Морозов 1996 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Ол конькимен жүгірумен 9 жасынан бастап айналысады.

Спортшы 3000 және 5000 метр қашықтықта Қазақстан Республикасының рекордын орнатқан.

Дмитрий 2018 жылы Белоруссияның Минск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында күміс, 2021 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен біріншілікте алтын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955200-qazaqstandyq-konkisi-eki-rekord-tirkelgen-zarysta-uzdik-ziyrmalyqtyn-qatarynan-korindi/

pixel