Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 9 ақпанда қазақстандық атлеттер спорттың үш түрі бойынша жарыс жолына шығады. Олардың өнері тікелей эфирден көрсетілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тау шаңғысынан Александра Троицкая Бейжің Олимпиадасында алғаш рет Нұр-Сұлтан уақытымен 08:15-те жарыс жолына шықты. Ол екінші мүмкіндігін 11:45-те пайдаланбақ. Тікелей эфир Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Сонымен қатар, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров төрт жылдықтың ірі додасында дебют жасайды. Ол 14:00-де өнерін көрсетеді деп жоспарланып отыр. Қазақстандыққа Хабар телеарнасы арқылы жанкүйер бола аласыздар.

Шорт-тректен ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың бәсекесін Qazsport арнасы ұсынады.

17:00-де Әділ Ғалиахметов мен Денис Никиша 1500 метрде ширек финалдық жарыстарға қатысады. Одан бөлек, әйелдер арасында Ольга Тихонова іріктеу сындарынада бағын сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955252-beizin-olimpiadasy-bugin-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel