Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлі-зайыпты Морозовтар Бейжіңде бір-біріне қалай жанкүйер болып жүр

Опубликовано:

Коньки
Фото: Olympic.kz

Бейжің Олимпиадасына ел намысын қорғау үшін Дмитрий мен Надежда Морозовтардың аттанғаны белгілі. Ерлі-зайыптылар жүлдегерлердің қатарынан көрінбесе де, жақсы өнер көрсетуде. Алдағы уақытта тағы бір мүмкіндіктері де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Бейжіңде әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта сынға түскен Надежда Морозова он төртінші орынға тұрақтаса, 3000 метрде ол Қазақстан рекордын жаңартты.

Ал оның күйеуі Дмитрий Морозов кеше, 8 ақпанда жарыс жолына шықты. Отандасымыз 1500 метрді 1:47.01 уақытта жүгіріп шығып, он сегізінші орынға ие болды.

Осыдан кейін Дмитрий Бейжіңдегі нәтижесіне қандай баға беретінін ашып айтты.

"Жалпы алғанда, өз нәтижем көңілден шығады. Бірақ тактикалық және физикалық тұрғыда әлі жетілдіретін тұстар көп. Алда масс-старт бар. Екі қашықтыққа да дайындалдым. 

Масс-стартты лотерея деп атасам да, артық емес. Барлығы да болуы мүмкін. Өйткені, әрдайым жақсы нәтижеден үміттенетіміз рас қой... Мұндағы мұз Нұр-Сұлтан қаласындағы "Алаудағы" мұз айдынына ұқсайды. 

Жұбайым Надежданың жарысқа түскен сәтін теледидар арқылы қарап жүрмін. Екеуміз бірге жаттығамыз", - деді Морозов. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955262-erli-zaiypty-morozovtar-beizinde-bir-birine-qalai-zankuier-bolyp-zur/

pixel