Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық атлет шаңғы қоссайысының бірінші бөлімін 38-орынмен аяқтады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олмипиадасында алғаш рет шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарыс траплиннен секіру кезеңімен басталды. Қазақстанның намысын қорғап жатқан Шыңғыс Ракпаров 79,5 метрге секіріп, 69.9 ұпай жинады. Нәтижесінде отандасымыз 38-орынға жайғасты.

Бірінші бөлімнің ең үздік көрсеткішін жапониялық Риота Ямамото тіркеді (108 метр/133 ұпай).

Шаңғы қоссайысының екінші кезеңі 10 шақырымдық шаңғы жарысымен жалғасын таппақ. Бәсеке 17:00-де басталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, шаңғы қоссайысы Бейжің Олимпиадасында тек қана ерлер бақ сынайтын жалғыз спорт түрі бар. Байрақты бәсекеде аталған спорт түрінен 55 спортшы өнер көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955347-qazaqstandyq-atlet-sangy-qossaiysynyn-birinsi-bolimin-38-orynmen-ayaqtady/

pixel