Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстандық белгілі спортшы жарыстан шеттетілді

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша Бейжің Олимпиадасын сәтсіз бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1500 метр қашықтықта сынға түскен отандасымыз сайыс кезінде құлап, голландиялық қарсыласын қағып түсірді. Осылайша, Нидерланды спортшысын құлатты деген айыппен Денис Никиша жарыстан шеттеліді.

Бұл қашықтықта Денистен бөлек ел намысын Әділ Ғалиахметов қорғады. Ол бір жарым шақырымды 2:11.83 уақытта сырғанап, келесі кезеңге жолдама алды.

Жартылай финалдық жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 18.30-да басталады. Тікелей Qazsport арнасынан көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгін шорт тректен әйелдер арасында Ольга Тихонова да іріктеу сындарынада бағын сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955382-beizin-olimpiadasy-qazaqstandyq-belgili-sportsy-zarystan-settetildi/

pixel