Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасында дебют жасаған отандасымыз тарихта қалды

Опубликовано:

Спортшы
Шыңғыс Ракпаров. Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шаңғы қоссайысынан неміс спортшысы Винченц Гайгер жеңімпаз атанды. Күміс медаль норвегиялық Йорген Граабакқа бұйырса, үшінші орынды австриялық Лукас Грайдерер қанағат тұтты.

Аталған спорт түрінен ел намысын қорғаған Шыңғыс Ракпаров трамплиннен секіру кезеңінде 79,5 метрге секіріп, 69.9 ұпай жинаған болатын. Бұл нәтижемен отандасымыз алғашқы айналымда 38-орынға жайғасты.

Ал екінші бөлімде отандасымыз он шақырым қашықта жарыс жолына шығып, мәре сызығын 41-болып кесті.

Еске сала кетейік, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы болып тарихта қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955393-beizin-olimpiadasynda-debyut-zasagan-otandasymyz-tarixta-qaldy/

pixel