Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділ Ғалиахметов шорт тректен Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалда отандасымыз канадалық Шарль Амлен, оңтүстік кореялық Пак Янг Хек, италиялық Юри Конфортола, қытайлық Жэнь Цзывэй, Венгрия өкілі Шаоан Лю және ұлыбританиялық Фаррелл Трисимен сынға түсті.

Әділ Ғалиахметов 2:18.291 нәтиже көрсетіп, төртінші орынмен ақтық мәреге жолдама алды.

Финалдық кезеңдер Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады.

Айта кетейік, бұл қашықтықта Әділден бөлек ел намысын Денис Никиша да қорғаған еді. Алайда ол жарыс кезінде құлап, келесі кезеңге шыға алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955399-adil-galiaxmetov-sort-trekten-beizin-olimpiadasynyn-finalyna-syqty/

pixel