Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында сегізінші орынға ие болды

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен Бейжің Олимпиадасында 1500 метр қашықтықта финалдық кезеңдер аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған қашықтықта ел намысын қорғаған Әділ Ғалиахметов үздік ондықтың қатарынан көрінді.

А финалында өнер көрсеткен отандасымыз сегізінші орынға табан тіреді.

Оның ақтық кезеңдегі көрсеткіші: 2:11.584.

1500 метр қашықтықта оңтүстік Кореялық Тэ Хун Хван Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Ал күміс медаль канадалық Стивен Дюбоаға бұйырса, үшінші орында ресейлік атлет Семен Елистратов қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл қашықтықта Әділ Ғалиахметовтен бөлек ел намысын Денис Никиша да қорғаған еді. Алайда ол жарыс кезінде құлап, келесі кезеңге шыға алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1955400-adil-galiaxmetov-beizin-olimpiadasynda-segizinsi-orynga-ie-boldy/