Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділ Ғалиахметов: Қазақстанда шорт-трек дамып жатқанын көрсеттік

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт-тректен Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан Әділ Ғалиахметов финалда не жетіспей қалғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы спортшы Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтты.

"Кешеден бері құттықтап жатқан барша қазақстандықтарға көп рақмет. Соңғы жылдары тынбай еңбектендік. Қазақстанда шорт-трек дамып жатқанын көрсеттік. Ертең тағы жарыс жолына шығамын. 500 метрде сынға түсемін”, - деді ол.

Сонымен қатар, Әділ Ғалиахметов А финалында аздап тәжірбие жетіспей қалғанын мойындады.

"Тәжірибем жетпей қалды деп ойлаймын, себебі шорт-тректің өз ерекшеліктері бар. Қарсыластар басып озғанда үлкен жылдамдықпен қасыңнан өтеді. Оған іліну үшін өзіңе де жылдамдықты арттырып, сәл шетке шығу керек.

Бәлкім осы әдістерді жасауға тәжірибем жетпеген шығар, енді жылдамдық арттырайын десем, мені басып озып кеткендер көп болды. Барлығы өз уақытысымен. Әр сайыс сайын шеберлігім шыңдала түседі", - деді Бейжің Олимпиадасының финалисті.

Ал Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Әділдің өнері жоғары баға берді.

Оның сөзінше, спортшының бірінші Олимпиадасында финалға шығуы - жақсы нәтиже.

Сонымен қатар, Елсияр Қанағатов шорт тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтың де еңбегін сөз етті.

"Бұл жерде бас бапкер Мәдіғали Қарсыбековтың еңбегін атап өткім келеді. Еліміздегі шорт-тректі дамытып, басынан бастап, ақырына дейін жұмыс атқарып келе жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955585-adil-galiaxmetov-qazaqstanda-sort-trek-damyp-zatqanyn-korsettik/

pixel