Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық аяқдопшы екі жылға футболдан шеттетілді

Опубликовано:

футболшы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Допинг дауына іліккен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Тобыл" командасының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жылға футболдан шеттетілді. Бұл туралы қостанайлық клуб өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады деп жазады, KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Клубтың мәліметінше, Руслан Валиуллин ісі бойынша шешім шыққан.

"Тобыл" ФК ФИФА тәртіптік комитетінен Валиуллинді 24 айға футболдан шеттету туралы ресми хат алған.

Хатта футболшыға 24 айға дейін санкциялар қолданылатыны айтылған.

"Футболға байланысты кез келген қызметтен шеттету 2021 жылдың 10 қыркүйегінен 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін күшінде", - делінген ФИФА тәртіптік комитетінің хатында.

"Тобыл" ФК Руслан Валиуллин апелляцияға беруге ниетті екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, Конференция лигасы аясында өткен "Тобыл" мен Словакияның "Жилина" командасы арасындағы матчтан кейін Валиуллиннің тапсырған допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1955598-tanymal-qazaqstandyq-ayaqdopsy-eki-zylga-futboldan-settetildi/

pixel