Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт дүркін Олимпиада чемпионынан озып кетті": Бейжіңде қазақстандық шаңғышылар қалай өнер көрсетті (фото)

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан ерлер арасындағы кезекті жарыс өз мәресіне жетті. Ел намысын қорғаған спортшыларымыз төрт дүркін Олимпиада чемпионынан озып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 шақырымда сынға түскен отандастарымыз үздік жиырмалықтың қатарынан көрінбеді. Виталий Пухкало 25, Евгений Величко 40-орынға ие болды.

Ал төрт дүркін Олимпиада чемпионы швейцариялық Дарио Колонья мәре сызығын 44 болып кесті.

Бұл қашықтықта Финляндия өкілі Иво Нисканен жеңімпаз атанды. Күміс медаль ресейлік атлет Александр Большуновқа бұйырса, үшінші орынды норвегиялық Йоханнес Клебо қанағат тұтты.

Спортшылардың нәтижесі:

1. Ийво Нисканен (Финляндия) — 37:54.8

2. Александр Большунов (Ресей) — +23.2

3. Йоханнес Хёсфлот Клебо (Норвегия) — +37.5

...

25. Виталий Пухкало (Қазақстан) — +2:44.8

...

40. Евгений Величко (Қазақстан) — +3:32.5.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиев бүгін жарыс жолына шығады. Шорт трекші 500 метр қашықтықта сынға түспек.

Спорт
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955700-beizinde-qazaqstandyq-sangysylar-tort-durkin-olimpiada-cempionynan-ozyp-ketti-foto/

pixel