Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшеуі де ширек финалда: Отандық шорт трекшілер жүлде жорығын жалғастыруда

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында шорт тректен ерлер арасында іріктеу кезең өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

500 метрде ел намысын қорғаған Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге жолдама алды.

Ширек финал 14 ақпан күні өтеді.

Абзал Әжіғалиев туралы не білеміз?

Абзал 1992 жылдың 30 маусым күні Орал қаласында дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2011 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Азия ойындарында командалық сында 5000 метрлік қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

2016 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды. Сонымен қатар 5 шақырымдық эстафетада қола жүлде жеңіп алды.

2017 жылы Алматы қаласында өткен дүниежүзілік қысқы Универсиадада 500 метр қашықтықта күміс медаль алды. Ал 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Қазіргі уақытта халықаралық конькишілер одағының рейтингінде Абзал Әжғалиев 500 метрге жарысатын спортшылар арасында 3 орында тұр.

Денис Никиша туралы не білеміз?

1995 жылдың 7 тамызында Қостанай қаласында дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2014 жылы Түркияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2015 жылы Жапонияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2016 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері.

2017 жылы Алматы қаласында дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдегері.

2017 жылы Белоруссиядағы әлем кубогы кезеңінің чемпионы.

2019 жылы Ресейде өткен дүниежүзілік қысқы Универсиада эстафеталық сында қола жүлдеге қол жеткізді.

2021 жылы  Қытай да және Жапония да өткен әлем кубогы кезеңдерінінің қола жүлдегері.

Әділ Ғалиахметов туралы не білеміз?

Әділ 1998 жылдың 11 қарашасында Орал қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шорт трекпен 10 жасынан бастап айналысады.

Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы. Қысқы спартакиадасының жеңімпазы.

2019 жылы Ресей ашық кубогында 1500 метрде 2 орын алған.

2021 жылы Бейжіңде өткен әлем кубогының кезеңінде шорт-тректен 1500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955747-qazaqstandyq-sort-treksiler-sirek-finalga-syqty/

pixel