Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы лауазымды қызметінен кетті

Опубликовано:

Бақтияр Артаев
Бақтияр Артаев. Фото: egemen.kz

Белгілі боксшы, Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті Артаевтың өзі ҚазАқпарат тілшісіне растаған.

"Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын", - деп қысқа қайырған ол.

Айта кетейік, Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. Бокспен 10 жасынан бастап айналысқан.

2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитовты жеңді.

Ал финалда Артаев Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагоннан басым түсіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол "Барыс" орденімен марапатталған.

Соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1955756-baqtiya-artaev-boks-federaciyasyndagy-lauazymdy-qyzmetinen-ketti/

pixel