Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Амал жоқ": Арман Әшімов UFC-дегі үш жекпе-жегі үзілгенін айтты

Опубликовано:

Арман Әшімов1
Фото: instagram.com/ashimovarman

ММА өкілі Арман Әшімов көпті мазалаған сауалдарға жауап берді. Оның сөзінше, пандемия кәсіби мансабына кері әсерін тигізген. Бұл туралы танымал спортшы Нұрлан Албанға берген сұхбатында ашып айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2020 жылдың ақпан айынан бастап UFC-мен келісімшартым бар еді. Бірақ осы жылға дейін үш жекпе-жегім үзілді. Пандемия кезінде мені шақырды. Бірақ сол уақытта бәрі жабық болды. Мен ұша алмадым. Абу-Дабиге бару үшін мен сөйлеспеген адам қалған жоқ. Амал жоқ, сабыр сақтадық. Кейін менеджерім мүмкін басқа ұйымдарға шығамыз, UFC әзірге жекпе-жек беріп жатқан жоқ деп айтты. Бірақ жақсы ниетпен күтіп отырмыз", - дейді Арман Әшімов.

Оның айтуынша, анасы төбелеске шықпауын сұрап келе жатқанына біраз уақыт болған.

"Анама "әлі жаспын, қазір тоқтатып қайтемін? Төбелесу менің ләззәт алатын жұмысым" деп айттым. Алайда бұны 2017 жылға дейін тек хобби ретінде қарастырып келдім. Кейін "M-1 Global" ұйымымен келісімшарт жасасқан соң анама келіп енді екі жыл бойы жұмыс істесем болады деп айтқан едім. Ал негізгі мамандығым – заңгер", - деді Арман Әшімов.

Сондай-ақ, спортшы індет кезінде атқа мініп, аңға шығып уақыт өткізген. Оның сөзінше, шымкенттік жомарт жандардың бірі ағалық танытып, асылтұқымды жылқы сыйға тартқан. Қазір оны үй жақта баптап жатырмын, деп ағынан жарылды Арман Әшімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1955770-amal-zoq-arman-asimov-ufc-degi-us-zekpe-zegi-uzilgenin-aitty/

pixel