Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубына жаңа басшы келді (фото)

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: Instagram/fc_ordabasy

"Ордабасы" футбол клубының жаңа президенті лауазымына Бауыржан Абдубаитов тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі шымкенттік клубтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін "Ордабасы" футбол клубының жаңа президенті сайланды. "Ордабасы" футбол клубы директорлар кеңесінің шешімі бойынша Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы клуб президенті лауазымын иеленді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бауыржан Абдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі. Қазақстан футбол федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы.

Клуб мәліметінше, жаңа басшы 2002 жылдан бері "БИІК" компаниясының президенті болып табылады.

Айта кетейік, "БИІК-Шымкент" чемпиондар лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1955794-ordabasy-futbol-klubyna-zana-bassy-keldi-foto/

pixel