Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сергей Морозов UFC-де екінші рет жеңілді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Getty Images/Carmen Mandato / Staff

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе жек шебері Сергей Морозов тағы да жеңіліп қалды. Ол Дуглас Силва де Андрадаға есе жіберді.

Спортшылар UFC 271 турнирінде октагонға шықты. 3 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Бразилиялық екінші кезеңде отандасымызды тұншықтыру әдісімен ұтты. Сергей шыдап баққысы келген, алайда қарсыласы өз дегеніне жетті.

Бұл Сергей Морозовтың UFC-дегі екінші жеңілісі. Аталған лигадағы дебютында отандасымыз Хабиб Нурмагомедовтың інісіне жол берген еді. Осы жазда Сергей Морозов Халид Тахадан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1955853-sergei-morozov-ufc-de-ekinsi-ret-zenildi/

pixel