Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстандық биатлоншы 52-орыннан көрінді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында әйелдер арасында биатлоннан кезекті жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

10 шақырымда сынға түскен отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 52-орыннан көрінді.

Бұл қашықтықта норвегиялық Марте Ройселанн Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Күміс медаль Шведция спортшысы Эльвире Эбергке бұйырса, үшінші орынды тағы бір норвегиялық Тириль Экхофф алды.

Айта кетейік, бұған дейін Бейжің Олимпиадасында тағы бір спортшымыз жарысты ерте аяқтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955887-beizin-olimpiadasy-qazaqstandyq-biatlonsy-52-orynnan-korindi/

pixel