Қазақстандық спортшы Бейжің Олимпиадасында үздік сегіздікке кірді
Опубликовано:

Шорт тректен 500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының B финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отандасымыз іріктеу мен ширек финалда өз тобынан бірінші болып шықты. Ал жартылай финалда Денис Никиша төртінші орынға табан тіреп, жүлдеге таласу мүмкіндігіне сырт қалды. Десе де В финалында бағын сынап, Бейжің Олимпиадасында үздік сегіздіктің қатарынан көрінді.
Денис Никиша туралы не білеміз?
1995 жылдың 7 тамызында Қостанай қаласында дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2014 жылы Түркияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2015 жылы Жапонияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2016 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері.
2017 жылы Алматы қаласында дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдегері.
2017 жылы Белоруссиядағы әлем кубогы кезеңінің чемпионы.
2019 жылы Ресейде өткен дүниежүзілік қысқы Универсиада эстафеталық сында қола жүлдеге қол жеткізді.
2021 жылы Қытай да және Жапония да өткен әлем кубогы кезеңдерінінің қола жүлдегері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1955893-qazaqstandyq-sportsy-beizin-olimpiadasynda-uzdik-segizdikke-kirdi/