Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ халқын қуантқым келді": Бейжіңде жүлдеге бір табан қалған Әжіғалиев арманы туралы айтты

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Шорт тректен 500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының финалына шығып, төртінші орын алған Абзал Әжіғалиев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абзалдың сөзінше, төрт жылдықтың ірі додасына іріктеу қиын өткен. Оның өзіндік себептері де бар. Шорт трекші алдыңғы маусымды денсаулығына байланысты дұрыс өткізе алмаған.

Абзал спорттағы басты армандарымның бірі - шорт тректі дамыту, дейді.

"Қазақ балалары қысқы спортта әлсіз деген стереотипті бұзғым келді. Біздің де коньки теуіп, сырғанай алатынымызды көрсеткім келді. Жанкүйерлер жазғы спорт түрлеріндегі атлеттерді бірден танып жатады. Ал қысқы спортта қанша жүлде алып жүрсе де, тасада қалып қояды. Басты мақсатым – жанкүйерлерді осы ойдан арылту болды", - деп ағынан жарылды Бейжің Олимпиадасының финалисті.

Елімізде соңғы жылдары шорт трек қарқынды дамуда. Біздің спортшыларымыз әлем кубогінде жүлде алып жүр.

"Шорт тректен әлемде алғашқы ондыққа енеміз. Бұл дәстүр одан әрі жалғасарына сенемін. Ал бүгін қазақ халқын қуантқым келді. Бар күшімді салдым. Финалға дейін екі бірдей Олимпиада чемпионы жарыс жолынан шығып қалды. Осындай бәсекелестікпен ақтық сынға жеткенім қуантады. Өкінішке қарай, медаль бұйырмады",  - деп сөзін қорытындылады Абзал. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955905-medal-buiyrmady-beizinde-zuldege-bir-taban-zetpei-qalgan-azigaliev-malimdeme-zasady/

pixel