Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк байрақты көтеріп шыққан спортшы қызымыз Бейжіңде қалай өнер көрсетті

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасының ашылуында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан Екатерина Айдова бүгін жарыс жолына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Конькимен 500 метрге жарысқан қыздардың арасында отандасымыз үздік жиырмалықтың қатарынан табылды. Ол аталған қашықтықты 38.54 секундта жүгіріп өтті.

Ал америкалық Эрин Джексон (37.04) Бейжің Олимпиасының жеңімпазы атанса, жапониялық Михо Такагиге (37.12) күміс медаль бұйырды. Үшінші орынды ресейлік Ангелина Голикова (37.21) қанағат тұтты.

Айта кетейік, енді Екатерина Айдова 17 ақпан күні 1000 қашықтықта бағын сынайды. Отандасымыз 1500 метр қашықтықта 18-орынға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955906-kok-bairaqty-koterip-syqqan-sportsy-qyzymyz-beizinde-qalai-oner-korsetti/

pixel