Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңде төртінші орыннан көрінген Абзал Әжіғалиевтің қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Абзал
Абзал Әжіғалиев. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Шорт тректен Бейжің Олимпиадасының финалисті Абзал Әжіғалиев қысқы ойындарда төртінші орын алғаны үшін ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абзал Әжіғалиевтің 500 метрде сынға түсіп, жүлдеге бір табан жетпегені белгілі. Отандасымыз төртінші орын үшін 30 мың доллар сыйақы алады.

Шорт трекші бұған дейін Бейжің Олимпиадасының аралас эстафетасында да Қазақстан командасымен үздік бестікке енген. Аламанның алғашқы күндерінде ел намысын қорғаған қыз-жігіттердің барлығына 10 мың доллардан берілді.

Осылайша, отандасымыз 2022 жылғы Олимпиададағы жақсы нәтижесінің арқасында 40 мың долларға ие болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Жарасбаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтқан болатын.

Оның сөзінше, төрт жылдықтың ірі додасында 1-6 орын алғандарға ақшалай сыйақы беріледі.

"Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген. Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінен төленеді", - деген еді Серік Жарасбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955910-beizinde-tortinsi-oryn-algan-abzal-azigalievtin-qansa-syiaqy-alatyny-belgili-boldy/

pixel