Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Фото
Фото: juldyz.kz

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тен коньки федерациясы президентінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Басылым мәліметінше, "Ұлттық коньки спорты федерациясы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары ұйымның қарарына өзгеріс енгізіп, бірнеше лауазымды жойған. Соның бірі федерациядағы президент орынбасары қызметін атқарған Оксана Тен жұмысынан босап отыр.

"Екі вице-президенттің лауазымын жою туралы мәселеде фередация құрылтайшыларының бәрі бірауыздан қолдап, дауыс берді", - деп хабарланған федерацияның сайтында.

Айта кетейік, бұған дейін федерацияның жаттықтырушылары Оксана Теннің жұмыстан кетуін талап етіп, үндеу жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956041-denis-tennin-anasy-lauazymdy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel