Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40-қа келгенде спортпен шұғылдануды бастап, әлем чемпионы атанған теміртаулық әйел жайлы не білеміз

Опубликовано:

Әлия85
Әлия шәкірттерімен. Кадр: Хабар24

Теміртау қаласында тұратын Әлия Сүлейменова 40 жасқа келгенде спортпен шұғылдануды бастап, аз уақытта таэквондодан әлем чемпионы атанған жан. Әлия осы спорттың арқасында аяққа тұрған деп, хабарлайды Хабар24.

Әлия Сүлейменова таэквондодан қара белбеу иегері, дәрежесі бірінші дан. Сондай-ақ, Азия чемпионы, Әлемнің және Еуропаның екі дүркін жеңімпазы және әлем кубогінің иегері.

Ал осындай жетістікке ол небәрі 9 жылда жеткен.

Әлия әуелде спортпен мәжбүр болғандықтан айналыса бастағанын айтады. Оның сөзінше, Ішкі істер саласында еңбек етіп жүргенде қатты сырқаттанып, 40 жасында омыртқасына күрделі ота жасалған. Дәрігерлер отадан кейін тіпті жүре алмай қалуы мүмкін екенін де айтып, ескерткен. Мұны естіген Әлия бірден ес жиып, өзін қолға алып, спортпен шұғылдана бастаған.

"Басында қорқыныш болды. Арбаға таңылып қалсам, не істеймін деген үрей маза бермеді. Операциядан кейін дәрігерлер барлығы өзіңізге байланысты, спортпен шұғылданыңыз деп кеңес берді. Бірақ күш түсіруге болмайтынын ескертті", - дейді Әлия Сүлейменова.

Сөйтіп, Әлия таэквондомен шұғылданатын қызынан сабақ алып, осы спорт түріне ден қоя бастайды.

"Ол ең алғаш жаттығуды бастағанда көмектесуімді сұрады. Өзім білетін айла-тәсілдерді үйреттім. Кейін анам спортпен кәсіби тұрғыда айналыса бастады. Нәтижесі керемет. 9 жылда қаншама әлемдік жарыстарда топ жарды. Анам өте мықты адам, жігерлі, еңбекқор", - дейді Әлияның қызы Даяна.

Қазір Әлияның денсаулығы жақсы. Ол адвокат болып жұмыс істейді. Қолы қалт еткенде сурет салып, қуыршақ жасағанды ұнатады екен.

Одан бөлек, қызы екеуі бірігіп таэквондо мектебін ашып, жас балаларды жаттықтырып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956077-40-qa-kelgende-sportpen-sugyldanudy-bastap-alem-cempiony-atangan-temirtaulyq-aiel-zaily-ne-bilemiz/

pixel