Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын болды": Бейжің финалында сәтсіздікке ұшыраған Ақмаржан өз өнеріне баға берді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Фристайл акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалында сәтсіздікке ұшыраған Ақмаржан Қалмұрзаева төрт жылдықтың ірі додасын қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бірінші мүмкіндігімде қате жібердім. Бұндай сәттерді төрешілер қаперде ұстайды. Екінші мәрте секіргенде шаңғым жарыс жолынан шығып кетті. Егер спортшы трамплинге жете алмай қалса, ең соңында немесе төреші анықтаған рет бойынша қайтадан секіреді.

Өкінішке қарай, мұндай сәтті толығымен пайдалана алмадым. Сондықтан, 11-орында қалдым. Іріктеуде өзімнің қолымнан келетін ең қиын элементті орындадым. Психологиялық тұрғыдан қиын болды. Іріктеу де өте қиын өтті. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет айтамын", - деді Қалмұрзаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмаржан Қалмұрзаеваның Бейжің Олимпиадасының финалында сәтсіздікке ұшырағанын жазған едік

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956113-qiyn-boldy-beizin-finalynda-satsizdikke-usyragan-aqmarzan-oz-onerine-baga-berdi/

pixel