Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камила Валиева допинг дауынан кейін алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Спортшы
Камила Валиева. Фото: ANNE-CHRISTINE POUJOULAT/AFP via Getty Images

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева допинг дауынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Первый канал.

"Бұл күндер мен үшін өте қиын болды. Эмоция жетіспей жатыр. Қазір қуанып тұрғанымды жасырмаймын. Алайда эмоционалды түрде шаршадым. Көз жасым қуаныш пен кішкентай сәтсіздіктен шықты. Олимпиада ойындарында өнер көрсеткеніме қуанышты екенім сөзсіз. Еліміздің намысын қорғауға және жоғарғы нәтиже көрсетуге әрқашан тырысатын боламын", - деді Валиева.

Осы орайда ресейлік спортшы өзіне қолдау көрсеткен жандардың барлығына риза екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.

Бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған еді. Бастапқыда РУСАДА спортшыны жарыстан шеттету туралы тоқтамға келген болатын. Алайда келесі күні спортшы апелляция берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956150-kamila-valieva-doping-dauynan-keiin-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel