Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлап қалды: 18 жастағы қазақстандық Бейжің Олимпиадасының жүлдесінен қағылды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында фристайл акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңдері аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған спорт түрінен ел намысын қорғаған Шерзод Хаширбаев финалға өте алған жоқ.

Бірінші мүмкіндігінде 109.74, екіншісінде 69.23 ұпай алған отандасымыз үздік он екіліктің қатарынан кірмеді.

Осылайша, Шерзод Хаширбаев төрт жылдықтың ірі додасында жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, фристайл акробатикадан ерлер арасындағы финал ертең, 16 ақпанда өтеді.

Шерзод Хаширбаев туралы не білеміз?

Шерзод 2003 жылы 14 cәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Фристайл-акробатикамен 11 жасынан бастап айналысып келе жатыр. Бұл спортқа әкесі Дильмұрат Хаширбаев алып келген.

Жетістіктері:

  • Алматы. Қазақстан чемпионаты. 2020 жыл. Күміс.
  • Юта. Солтүстік Америка кубогы. 2021 жыл. Алтын.
  • Әлем және Еуропа Кубоктарына қатысып үздік ондыққа енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956257-qulap-qaldy-18-zastagy-qazaqstandyq-beizin-olimpiadasynyn-zuldesinen-qagyldy/

pixel