Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңде трамплиннен секіруден атлеттеріміз неге финалға шыға алмады: Бас бапкер себебін айтты

Опубликовано:

Тұғырдан секіру
Фото: Olympic.kz

Бейжің Олимпиадасында трамплиннен секіруден ел намысын қорғаған атлеттеріміз жарыс жолын ерте аяқтағаны белгілі. Осы орайда аталған спорт түрінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Биекенов төрт жылдықтың ірі додасын қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, шаңғымен трамплиннен секіруден қысқы ойындарда Данил Васильев пен Сергей Ткаченко бақтарын сынады. Алайда олар финалдық кезеңдерге шыға алған жоқ.

Бас бапкер Қайрат Биекенов Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында жігіттер Қытай жерінде барын салғанын алға тартты.

"Орта трамплинде біз іріктеу кезеңінен өттік. Ал үлкен трамплинде келесі кезеңге шыға алма алмадық. Алайда жігіттер барын салды. Біз де үздік нәтиже көрсеткіміз келді. Маусым басында Сергей Ткаченконың ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Осылайша ол бірінші жарысты жіберіп алды.

Ал Данил Васильев әлем кубоктерінде қатысып, спорттық бабында келді. Ол өте жас спортшы, бар болғаны 17-де.

Осы маусымда біз жазғы Гран-при турнирін өткіздік. Онда Сергей Ткаченко алтыншы, Данил Васильев 14-орын алған болатын. Бұл еліміздің тарихындағы жазғы Гран-приде көрсеткен үздік нәтижесі. Осылайша екі Олимпиада лицензиясын жеңіп алдық, бұл бізге жарысқа қатысуға мүмкіндік берді. Жақсы дайындалдық. Жақсы жұмыс істеп, алдағы сайыстарда бұдан да жақсы өнер көрсетуге тырысамыз", – деді Қайрат Биекенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956263-beizinde-tramplinnen-sekiruden-atletterimiz-nege-finalga-syga-almady-bas-bapker-sebebin-aitty/

pixel