Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанкүйерлердің сенімін ақтадың": Тоқаев Бейжіңде жүлдеге бір табан қалған Әжіғалиевті қолдады

Опубликовано:

Абзал
Абзал Әжіғалиев. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Президент "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады.

"Қазақстандықтар өзіңнің "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық", – делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиев қысқы ойындарда төртінші орынға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956267-zogary-korsetkis-toqaev-beizinde-zuldege-bir-taban-qalgan-azigalievti-qoldady/

pixel