Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені сүйем": Илья Ильин өзіне сезімін білдірген белгісіз арудан келген сыйлығын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Илья Ильин
Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyinforever/

Отандық спортшы Илья Ильин "Әулие Валентин" күні сыйлықсыз қалған жоқ. Оған жанкүйерлерінің бірі арнайы сыйлық жіберіп, қуантқан. Одан бөлек, белгісіз ару спортшыға деген сезімін білдіріп, хат қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ильин өзінің желідегі парақшасында жазды.

"Рахмет саған, менің құпия жанкүйерім! Маған қатты ұнады", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, спортшы белгісіз арудың хатын да жария еткен. Онда:

"Сені қатты жақсы көремін, бар болғаныңа рахмет", - деп жазылған.

Ильяға сезімін білдірген арудың бұл сыйлығы желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады. Олар түрлі пікірлерін жазды.

"Сені жақсы көретіндер көп", "Сен осыған лайықсың", "Сені барлығы жақсы көреді ғой", "Керемет сыйлық", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956330-seni-suiem-ilya-ilin-ozine-sezimin-bildirgen-belgisiz-arudan-kelgen-syilygyn-korsetti-foto/

pixel