Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жаңа салмаққа ауысты

Опубликовано:

Елдос Сметов
Фото: Жеңіс Ысқабай / Қазақстан ҰОК

Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жаңа маусымды Тель-Авивте өтетін әлемдік Grand Slam турнирімен бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

17-19 ақпан күндері Израиль астанасы Тель-Авив қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасынан барлығы 25 спортшы қатысады.

"Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив татамиінде жаңа салмақта, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін болады", - делінген хабарламада.

Ерлер:

  1. Бауыржан Нарбаев (60 келі)
  2. Мағжан Шамшадин (60 келі)
  3. Ғұсман Қырғызбаев (66 келі)
  4. Елдос Сметов (66 келі)
  5. Жансай Смағұлов (73 келі)
  6. Данияр Шамшаев (73 келі)
  7. Абылайхан Жұбаназар (81 келі)
  8. Бекәділ Шаймерденов (81 келі)
  9. Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі)
  10. Дидар Хамза (90 келі)
  11. Ерқанат Молдағұлов (-100 келі)
  12. Ислам Бозбаев (-100 келі)
  13. Ерасыл Қажыбаев (+100 келі)
  14. Әділ Оразбаев (+100 келі)

Әйелдер:

  1. Гаухар Ирмағамбетова (-52 келі)
  2. Салтанат Сұлтанбекова (-52 келі)
  3. Севара Нишанбаева (-57 келі)
  4. Бақыт Құсақбаева (-57 келі)
  5. Мөлдір Нарынова (-63 келі)
  6. Самалай Ерғалиева (-63 келі)
  7. Зере Бектасқызы (-70 келі)
  8. Назерке Тілеуханова (-78 келі)
  9. Аруна Жангельдина (-78 келі)
  10. Камила Берліқаш (+78 келі)
  11. Назгүл Маратова (+78 келі)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1956380-olimpiadanyn-eki-durkin-zuldegeri-eldos-smetov-zana-salmaqqa-auysty/

pixel