Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасында тағы бір спортшымыз жарыстан шеттетілді

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Шорт-тректен Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғаған Ольга Тихонова ширек финалда жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1500 метр қашықтықта отандасымыз америкалық Кристен Сантос, Нидерланды өкілі Кандра Вэлзэбур, жапониялық Сумире Кикучи, канадалық Данае Бле, венгриялық Жофия Коньямен жарысты.

Ольга Тихонова өз тобында 2:23.48 уақытпен мәре сызығын төртінші болып кескен. Алайда кейінірек төрешілер нәтижені қайта қарап, спортшымыздың тәртіп бұзғанын анықтады.

Осылайша, ол байрақты бәсекеде жарыстан шеттетіліп, жартылай финалға шыға алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956446-beizin-olimpiadasynda-tagy-bir-sportsymyz-zarystan-settetildi/

pixel