Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күшім қалмады": Бейжің финалына шыға алмаған қазақстандық шаңғышы қыз ағынан жарылды

Опубликовано:

Шаңғышы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шаңғымен жарысудан Қазақстанның әйелдер командасы спринттен Бейжің Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл сында ел намысын Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина қорғады.

Олар екінші жартылай финалда оныншы орыннан көрінді. Алайда бұл нәтиже финалда өнер көрсетуге жеткен жоқ.

Бұған қатысты Надежда пікір білдіріп, жарыстың өте қиын өткенін сөз етті.

"Жарыс өте қиын болды. Демалу да қиындап кетті. Бар мүмкіндігімді көрсетуге тырыстым. Ал мәреге жетерде мүлде күшім қалмады. Нәтиже көңілден шықпайды. Бұдан да жақсы нәтиже көрсетіп, топ басындағыларға соңына дейін ілесуді ойлағанмын. Алайда, олай болған жоқ. 

Алда 30 шақырымдық масс-старт бар. Бұл нәтиже көрсету үшін ең соңғы мүмкіндік болмақ", - дейді шаңғышымыз. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956453-kusim-qalmady-beizin-finalyna-syga-almagan-qazaqstandyq-sangysy-qyz-agynan-zaryldy-foto/

pixel